Еріген қар суы қостанайлықтарды әбігерге салуда

3
2026-03-30

Еріген қар суы қостанайлықтарды әбігерге салуда. Бүгінде өңірде құтқару қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.  Айталық,  Денисов пен Набережное ауылында қардың еруіне байланысты Аршалы елді мекенімен жалғастыратын жолды су басып қалды.   Алайда, балама жолдың болуына байланысты көлік қозғалысы үзілген жоқ. Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті билік органдары жағдайдың бақылауда екенін айтып, көршілес ауылдарға қауіп төнбейтінін мәлімдеді. Қазір құтқарушылар су басу қаупінің алдын алу мақсатында тәуліктік жұмысты жалғастырып жатыр.