Алматыда көшкін жүріп, екі адам қар астында қалды. Құтқарушылар қар құрсауынан бір адамды аман алып шыққан. Мамандар оның иығы шығып кеткен болуы мүмкін деп болжап отыр. Ал екінші турист тіршілік өлі күйінде табылды. Суыт хабар құтқарушыларға түскі бір жарым кезінде түсіпті. Оқиға Тұйықсу жоғары таулы аймағында «Молодежный» шыңында болған. Шыңның биіктігі теңіз деңгейінен 4 мың 147 метр. Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 26 адам, алты техника мен 2 кинологиялық есеп жұмылдырылды.