Вегетациялық кезеңге дайындық жұмыстары пысықталды

8
2026-03-27

 Су ресурстары және ирригация министрі Түркістан облысында вегетация кезеңіне дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді. Жиында «Қазсушар» облыстық филиалының өндірістік бөлімше басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы есеп берді. Қазіргі таңда өңірдегі суармалы алқаптарға  63 сорғы қондырғысын орнату жоспарланып отыр.  Жаңа жабдықтар мамыр айының соңына дейін өндірістік учаскелерге жеткізіледі. Сонымен қатар аталған филиал каналдарда механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде. Жыл басынан бері жалпы ұзындығы 316 шақырым болатын 118 канал учаскесі тазартылды. Ал,  Жетісай мен Шардара аудандарында тік дренажға арналған 512 ұңғыманы қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын.