Алматыдағы жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

9
2026-03-27

Алматы қаласында болған ауыр жол-көлік оқиғасы қоғамда қызу талқыланып жатыр. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оқиға болған сәттен бастап ерекше бақылауға алынған. Нәтижесінде бірқатар қылмыстық іс қозғалды. ZEEKR автокөлігінің жүргізушісі сот санкциясымен қамауға алынды. Көлікті тізгіндеген азамат апат кезінде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Сонымен қатар, мемлекеттік нөмірлік белгілердің заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша да қылмыстық іс қозғалып, тиісті тексеру басталды. Бұдан бөлек, полиция департаменті басшыларының бірінің жүргізушісіне қатысты әрекетсіздік фактісі де тергелуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қызметтік тексеріс нәтижесінде бірқатар кадрлық шешімдер қабылданып, Алматы қаласы полиция департаментінің бірнеше басшысы қызметінен босатылды.