Сарбаздар асхана тағамына баға бере алады

9
2026-03-27

Енді ұлттық ұлан сарбаздары асхана тағамын электронды жүйе арқылы бағалай алады.  Бұл жоба жауынгерлердің күнделікті тамақтану сапасын арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге және асхана жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Аппараттық-бағдарламалық кешен қазіргі уақытта пилоттық режимде Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімінде іске қосылған. Оның басты ерекшелігі – сарбаздарға асханадағы тағам сапасын жедел бағалауға мүмкіндік беруі. Арнайы панель арқылы берілген кері байланыстар бірден азық-түлік жеткізуші мен басшылыққа ұсынылады. Айта кетейік, аталған жүйенің тиімділігі тамыз айына дейін сараланып, оның нәтижесіне қарай өзге бөлімдерге енгізу мүмкіндігі қарастырылмақ.