«Арыс» әскери полигонында кезекті рота-тактикалық оқу-жаттығу жиыны өтті. Ондағы негізгі мақсат — жеке құрамның дабыл кезіндегі жедел әрекетін тексеру. Жаттығу жоспары бойынша, мотоатқыштар ротасы дабылмен көтеріліп, қысқа уақыт ішінде белгіленген аумаққа жиналды. Одан кейін жеке құрам шоғырландыру ауданына жылжып, жауынгерлік іс-қимылдарды жан-жақты пысықтады. Бұл жолғы жиынның басты ерекшелігі — тек сыртқы қауіпке емес, ішкі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмалардың практикалық түрде орындалуында. Дабыл бойынша көтерілген әскери қызметшілер жоғары белсенділік танытып, қойылған міндеттерді мүлтіксіз орындап шықты.