Отандық кәсіпорындар әскери дрондарды жасауға басымдық бермек

17
2026-03-26

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының басшыларымен кездесу өткізді. Жиында мемлекеттік қорғаныс тапсырысының қазіргі жағдайы талқыланып, оларды қолдау шаралары аясындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың басым бағыттары айқындалды. Бүгінде Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық ынтымақтастық барысында отандық кәсіпорындардың жүктемесін арттыру шараларын іске асырып жатыр. Оның ішінде әртүрлі типтегі ұшқышсыз ұшу аппараттарын, радиоэлектрондық күрес құралдарын локализациялау бойынша ұсыныстар да енгізілуде.