Батыс Қазақстан облысында тағы бір дрон құлады

16
2026-03-26

Батыс Қазақстан облысы аумағынан белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты табылды. Ақжайық ауданының тұрғындары оны суретке түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскен. Көп ұзамай бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті де ресми түрде растады. Ресми мәліметке сүйенсек, техника елді мекен аумағынан тыс жерден, адам тұрмайтын аймақтан табылған. Сондықтан жергілікті тұрғындарға келер қауіп жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық егжей-тегжейі зерттеліп жатыр. Мамандардың айтуынша аппараттың техникалық сипаттамасы мен қайдан ұшып келгенін сараптамадан кейін нақтыламақ. Құзырлы органдар тек ресми деректерге сенуге шақырады.