Түркістан облысында 15 мың ағаш отырғызылды

17
2026-03-26

«Таза Қазақстан» жобасы  мен Наурызнама  аясындағы Тазару күніне орай Түркістан облысында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы халықтық  шараға 15 мыңға жуық адам қатысып, өңірде тазалық жұмыстары қыза түсті. Экологиялық акция барысында тек аумақтар тазаланып қана қоймай, жасыл желекті көбейтуге де басымдық берілді.