Жаңару күні Түркістан облысында «Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы өтті. Бұл шара «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы шеңберінде қолға алынды. Оған өңір басшылығы, мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еріктілер қатысып, ортақ іске жұмыла кіріскен болатын.