Түркістан
EN

Республикада инфляция 12%-ға өсті

215
13.04.2022

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы 18,6 процентке дейін өскен. Халық жиі тұтынатын тауарлардың бағасы бұлай шарықтап кетуін ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов инфляциямен байланыстырады. Әсіресе орамжапырақ, қант, картоп, қызанақ айтарлықтай қымбаттаған. Түркістанда әлеуметтік дүкендерден басқа базардың өзінде қымбатшылық байқалады. Әсіресе өсімдік майының бағасы құбылып тұр. Жалпы елімізде тамақ өндірісі артқанына қарамастан, 6 облыста ауылшаруашылығы тауарлары қымбаттаған.  Мәселен, ұн – 23, жарма – 8,3, шұжық өнімдері – 7,8 процентке артса да, макарон мен сүт өнімдерінің бағасы да күрт көтерілді. Қазақстандағы  инфляция 2022 жылдың наурызында 2016 жылдың қыркүйегінен бастап шарықтап шегіне жетіп, бір айда 8,7 пайыздан 12 пайызға дейін өсті. Инфляцияға ең көп үлес қосқан азық-түлік тауарлары болды, олардың бағасының өсуі 10 пайыздан 15,4 пайызға дейін жеделдеді. Бір айда инфляция 5,8 пайызға өсті. Ұлттық банк басшысының айтуынша, Ресейге қарсы санкциялардың салынуына байланысты өсімдік майының бағасы бір айда 23,2 пайызға өскен. Тіпті Украина мен Ресей арасындағы қақтығыстың кесірінен дәнді дақылдар 17,1 пайызға қымбаттады.