Үкімет Қазақстанда көмір генерациясын дамыту жөніндегі Ұлттық жобаны бекітті

10
2026-03-26

Үкімет «Көмір генерациясын дамыту» жөніндегі ұлттық жобаны бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жалпы құны 7 жарым триллион теңгеден асатын ауқымды бастама базалық қуаттардың тапшылығын жойып, экономиканың цифрлануы мен индустрияландыру процесіне тың серпін бермек. Құжат Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген. Жоспар бойынша елімізде қосымша тағы 7,8 ГегаВатт қуат өндіру және қолданыстағы станцияларды жаңарту көзделген. Ең бастысы — бұл мақсаттарға бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды. Жобаны жүзеге асыруға қажетті 7,5 триллион теңгеден асатын қаржы тек инвестициялар  есебінен жинақталмақ.