Стоматологиялық қызмет саласына бақылау күшейді

16
2026-03-20

Елімізде стоматологиялық клиникаларға жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатыр.Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.  Барлық өңірлерден тексеру тізіміне 620-дан астам тіс емханасы енгізілген. Қазіргі уақытта олардың 392-сі тексерістен өткен. Нәтижесінде 174 стоматологиялық мекеменің қызметі тоқтатылды. Оның ішінде 56 клиника лицензиясын өз еркімен қайтарған. Жекелеген жағдайларда жедел шаралар қабылданып, кейбір нысандардың жұмысы 30 күннен 90 күнге дейін уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, бірқатар медициналық қызметкер бір айға дейін жұмыстан шеттетілген. Министрліктің мәліметінше, тексерулердің басты мақсаты – азаматтардың құқықтарын қорғау, қауіпсіздігін қамтамасыз ету және стоматологиялық қызмет сапасын арттыру.