Түркістан
EN

10 жылу электр орталығы әлі де қызыл деңгейде

99
20.03.2026

Астанада Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің төрағалығымен өткен кеңесте елдегі жылу электр орталықтарының жағдайы қаралды. Қазіргі таңда 37 жылу электр орталығының 10-ы тозығы жетуіне байланысты «қызыл деңгейде» қалып отыр. Сонымен қатар, проблемалық станцияларда 9 энергоблок, 55 қазандық және 51 турбинаға күрделі жөндеу жоспарланған. Әзірге олардың ішінде 2 энергоблок, 5 қазандық және 2 турбинада қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Ал,  1 турбина толық жаңартылған. Министр алдағы жылыту маусымына дейін осы 10 жылу электр орталығын «қызыл деңгейден» шығару – басты міндет екенін атап өтті.