Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Президент өзінің ізгі тілегінде отандастарына бақ-береке, жақсылық пен молшылық тіледі. Отыз күндік оразаның әрбір адамды кемелдікке бастайтынын атап өтті. Сондай-ақ, ата дәстүріміз бен асыл дініміз еліміздің бірлігін нығайтып, қоғамның берекесін арттыратын игі амалдарға үндейтінін жеткізді.