Өңірде инвестиция көлемі артып, жаңа жұмыс орындары көбеймек

13
2026-03-19

 Биыл Түркістан облысында 8 өнеркәсіптік жобаны жүзеге асыру арқылы 400-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Бұл туралы «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңестің отырысында  баяндалды.Облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының мәліметінше,  партия бекіткен жоспар шеңберінде сапалы жұмыс орындарын құру бойынша тиісті жұмыстар атқарылған. Бұдан бөлек, жиында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халық табысын арттыру бағытындағы жұмыстар талқыланды.Сонымен қатар, партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру барысы қаралып, нақты көрсеткіштер сараланды.