Ауыл балаларының спортқа деген қызығушылығы артып келеді. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында бұқаралық спорт түрлері жаңа деңгейге көтеріліп, ауылдағы қарапайым жаттығу залдарында болашақ чемпиондар тәрбиеленіп жүр. Тоғыз елді мекенде спорттық үйірмелер ашылып, бүгінде жас спортшылар арасында түрлі деңгейдегі додаларға қатысып, топ жарып жүргендері бар. Толығырақ бейнематериалға назар салайық.