Ұлттық киім ұлықталған күн

10
2026-03-18

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында әскери тәртіп пен ұлттық дәстүр үндестік тапқан. Құрмет қарауыл ротасының салтанатты киімінде қазақы ою-өрнек, соның ішінде «қошқар мүйіз» бейнесі кең қолданылған. Бұл - елдің мәдени болмысын айшықтайтын маңызды белгі. Ұлттық нақыш тек киімде емес, әскери қызметшілердің күнделікті формасы мен погондарында да көрініс табады. Тіпті Наурызнама аясында қызметтік көліктер де қазақы өрнекпен безендірілді. Осылайша, сарбаздар Ұлттық ұланның келбетін айқындап, жауынгерлік рухты дәріптеп отыр.