Биыл еліміздегі 4,3 мың шақырым автожол күрделі жөндеуден өтеді. Бұл туралы көлік министрлігінің көктемгі құрылыс маусымына арналған кеңесте айтылды. Бүгінде автожолдарды жөндеуге қажетті материалдардың қоры жасақталған. Атап айтқанда, 3,1 млн текше метр қиыршық тас, 78,2 мың тонна битум, 15,3 мың тонна темір-бетон бұйымдары және 529 тонна минералды ұнтақ әзірленді. Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ өкілдері баяндап, қазіргі уақытта конкурстық рәсімдер жүргізіліп жатқанын жеткізді.