Ел тарихындағы жаңа белес — заңнамалық реформаларға жол ашты. Үкімет басшысы Олжас Бектенов халық қолдаған жаңа Конституция бойынша ауқымды іс-шаралар жоспарын бекітуді тапсырды. Ендігі кезекте елдегі бірқатар заңдар мен кодекстер Ата заңның жаңа талаптарына сай қайта қаралады. Атап айтқанда, 5 жаңа заң қабылданып, қолданыстағы 8 конституциялық заңға өзгеріс енеді. Сонымен қатар, 60-тан астам заңнамалық акті мен негізгі кодекстерге түзетулер жасалмақ.