Салт-дәстүр жаңа форматта дәріптелді

13
2026-03-17

Елімізде наурызнаманың он күндігі тойланып жатыр. Кешегі күн мәдениет пен ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге арналды. Айтулы күнге Түркістандағы оқушылар сарайының ұжымы да ат салысып, қазақтың әдет-ғұрыптарын көрсетететін қойылым қойды. Келушілерге сырға салу салтын егжей-тегжейлі түсіндіріп, ежелден келе жатқан дәстүрдің кей тұстарын жасанды интеллект арқылы жеткізді. Мұндағы мақсат -  халықтың асыл мұраларын балаларға жаңа форматта дәріптеу,-дейді ұстаздар.