Электронды үкімет порталы арқылы жер кезегіне тұру - жыр болды. Базадағы қателіктерден жұрт онлайн өтінім бере алмай отыр. Кей азаматтардың жылжымайтын мүлкі жоқ болса да, «сізге жер телімі берілген» деген жауап алған. Цифрлық даму министрлігіндегілер кінарат үкімет порталында емес, базаға мәліметті дұрыс әрі уақытылы енгізі алмай жатқан жергілікті атқарушы билікте дейді. 10 соттық жер алу кезегіне 378 мың өтінім келіп түскен. Жауапты министрліктің хабарлауынша электронды үкімет қалыпты жұмыс істеп тұр. Сандық жүйенің қателігі жоқ дейді мамандар. Тағы бір мәселе, кей азаматтарға меншігінде жер болмаса да, «сізде жер бар» деген хабарлама алған. Әр азаматтың мұрағатымен, әкімдіктің қаулыларын көтеріп, тиісті жер кезегі берілген тізімдер қайта пысықталмақ. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдардың қағаздағы тізімді дұрыс енгізбеуі де базадағы жұмысты тоқтатып тұр дейді мамандар. Наурыз айынан бастап елорданың 46 769 азаматы өтініш білдірген. Ал ең көп жер алғысы келген алматылықтар екен. Олардан 190 мыңнан астам хабарлама келген. Ал, үшінші мегаполисте 31 мың 658 адам тегін жерге алғысы келеді. Түркістан облысында 19 192 мың азамат кезекте тұрған. Жалпы жер кезегіне өтініш қабылдау жұмыстары 2004 жылы басталған еді. Ал электронды форматпен жер алуға құжат толтыру 1 жарым ай бұрын іске қосылды. Кейіпкеріміз Мақсат сынды кезекке тұра алмағандар «Е өтініш» порталы арқылы сауал жолдай алады. Істі қайта қарау жұмыстары жүргізіліп, архивтегі жазбаша мәліметтеріңіздің онлайн жүйеге дұрыс көшіруі пысықталады.