Сталкинг бойынша сотқа 51 іс жолданды

11
2026-03-17

Қазақстанда сталкинг қылмысы бойынша сотқа 51 іс жолданған. Оның ішінде 36 күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сталкинг дегеніміз өзге адаммен еркінен тыс байланыс орнату немесе оны ұдайы аңдып, қудалау.  Мұндай әрекет қылмыстық кодекстің 115-1-бабымен жазаланады. Заңға сәйкес, кінәлілерге 200 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл төлеу,  200 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа жегу немесе 50 тәулікке дейін қамау жазасы қарастырылған. Ішкі істер министрлігі өкілдері құқық бұзушылықтарды тіркеу мен тергеу тәртібі бойынша арнайы әдістемелер енгізіліп, қызметкерлер оқытылғанын атап өтті.