Ақмола облысында ірі көлемде синтетикалық есірткі өндірген зертхана табылды. Ішкі істер министрлігі жүргізген арнайы операция барысында 54 жастағы ер адам мен оның 26 жастағы ұлы ұсталды. Белгілі болғандай, баласын заңсыз бизнеске әкесінің өзі тартып, есірткі жасау технологиясын үйреткен. Тінту кезінде зертханадан 200 келі дайын мефедрон мен 2 тоннадан астам химиялық шикізат тәркіленді. Тәртіп сақшылары кәсіби химиялық реакторлар мен арнайы жабдықтарды да тапты. Тәркіленген өнімнің қара нарықтағы құны 5 миллиард теңгеден асады. Бұл — шамамен 600 мың реттік доза.