Жүгеріні терең өңдейтін зауыт ашылады

14
2026-03-17

 Шардара ауданында ірі өндірістік жоба жүзеге асқалы тұр. «Казкрахмал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүгеріні терең өңдейтін зауыттың құрылысын аяқтады. Кәсіпорын сәуір айында іске қосылады деп жоспарланып отыр. Бұл, Түркістан облысында алғаш рет жүзеге асып отырған жоба. Зауыт іске қосылса, өңірдің аграрлық әлеуеті артып, жүздеген адам тұрақты жұмыспен қамтылады.