Референдум нәтижесі бойынша Қазақстанда жаңа Конституция қабылданды. Бұл жайлы Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Елімізде дауыс беруге құқылы 12 миллионнан астам азаматтың шамамен 9 миллионы өз таңдауын жасаған. Яғни, саяси науқанға қатысу көрсеткіші 73 пайыздан асты. Ал, 7 миллионнан астам Қазақстан азаматы жаңа заң жобасын қолдаған. Комиссия төрағасы республикалық референдум туралы заң талаптарының орындалғанын айтты. Яғни, елдің 20 өңірінің кемінде үштен екісінде дауыс берген азаматтардың жартысынан көбі жаңа Конституцияны қолдаған.