Президент: 15 наурыз Конституция күні болып белгіленеді

16
2026-03-16

 15 наурыз — еліміздің басты мерекелерінің бірі ретінде Конституция күні болып тойланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумның экзит-полл нәтижелерімен танысқан соң, осындай тарихи шешімді жария етті. Президенттің айтуынша, қазақ халқының саяси науқандағы рекордтық белсенділігі мен жасаған таңдауы — ел тарихындағы жаңа дәуірдің бастауы болмақ. «Қазмедиа» орталығында жастармен кездескен Мемлекет басшысы халықтың  бірлігі болашаққа үлгі әрі  тарихта  мәңгі сақталатынын айтты.