Бүгін Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те жалпыхалықтық референдумда өз таңдауын жасады. Өңір басшысы дауыс беру үшін қазақ-түрік халықаралық университетінің мәдениет сарайында орналасқан 133-ші референдум учаскесіне келді. Облыс әкімі елдің дамуы мен Ата заңға енгізілетін өзгерістердің маңыздылығына тоқталып, жұртшылықты осы тарихи сәтте белсенділік танытуға шақырды. Оның айтуынша, әрбір азаматтың дауысы — тұрақтылық пен дамудың кепілі.