Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев жаңа Конституцияға байланысты республикалық референдумда дауыс берді. Ол өз таңдауын Ұлттық кітапхана ғимаратында орналасқан дауыс беру учаскесінде жасады. Осы орайда ол референдумның тарихи маңызына тоқталып, әрбір дауыс елдің болашақ даму бағытын айқындауда ерекше рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ бұл науқан азаматтардың мемлекеттік маңызы бар шешімдер қабылдауға тікелей қатысуына мүмкіндік беретінін айтты.