Осы жылдың бірінші тоқсанында бірқатар министрлік 15 млрд теңгені игере алмаған. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын уақытында пайдалана алмаған министрліктердің атын атап түстін түстеді. Олар - денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, сыртқы істер және экология, геология және табиғи ресурстар министрліктері екен. Министрдің айтуынша, қаражаттың игерілмеуі шарттарды ұзақ жасау, шоттардың кеш ұсынылуы секілді көптеген құжатты рәсімдеудің ұзаққа созылып кетуімен байланысты болып отыр.