Түркістанда бүгін қоғамдық көліктер тегін жүреді

13
2026-03-15

Түркістан қаласында бүгін барлық қоғамдық көліктер жолаушыларға тегін қызмет көрсетуде. Республикалық референдумға байланысты тұрғындардың дауыс беру учаскелеріне кедергісіз жетуі үшін барлық жағдай жасалған. Қазіргі таңда қалада 22 бағыт бойынша екі жүзден астам автобус бекітілген кестеге сай, штаттық режимде тоқтаусыз жұмыс істеп тұр. Айта кетейік, шаһарда күнделікті 60 мыңнан астам адам қоғамдық көлікті пайдаланады. Мұндай қадам бұқараның саяси науқанға белсенді қатысуына жол ашып, әрбір тұрғынның ел болашағы үшін тарихи таңдау жасауына мүмкіндік бермек.