Түркістанда газ құю станциясы бар заманауи сервистік орталық іске қосылды. Нысан шаһардағы халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында орналасқан. Енді автобустар мен жүк көліктері осы нүктеден жанармай ала алады. Облыс әкімінің бірінші орынбасары жобаның маңыздылығына тоқталды.