Спортшылар мен зиялы қауым өкілдері референдумды қолдайды

11
2026-03-13

Шардара – қол күресінің нағыз ордасына айналған өңір. 2001 жылы іргесі қаланған «Shardara Arm» спорт кешені талай таланттың қанатын қатайтты. Содан бері мұнда жүздеген әлем чемпионы, 500 ге жуық республикалық деңгейдегі чемпион тәрбиеленіп шыққан. Халықаралық жарыстар мен түрлі турнирлердегі жеңістерді қосқанда, Шардарадан шыққан спортшылардың жетістігі тіпті еселене түседі. Осындай жетістікке жеткен спортшылар мен ауданның зиялы қауым өкілдері ел өміріндегі маңызды саяси науқандардан да шет қалмайды. Олар алдағы референдумның мән-маңызына тоқталып, ел болашағына қатысты бастамаларды қолдайтындарын жеткізді.