Үкімет Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті

13
2026-03-13

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жоспар медициналық қызметтердің сапасын басқару жүйесін жетілдіріп, оны цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектке негізделген жаңа модельге көшіруді көздейді. Алдағы жылдары медициналық ұйымдарды міндетті аккредитациялау енгізіліп, сапаны бақылау процестері толық цифрландырылады. Сондай-ақ,  Денсаулық сақтауды дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында Ұлттық сапа институтын құру жоспарланып отыр. Ал 2030 жылға қарай медициналық ұйымдардың басым бөлігі жаңа стандарттар бойынша аккредиттеледі деп күтілуде.