Келес ауданындағы «Жайлы мектеп» жас мамандарға басымдық беруде

16
2026-03-12

Келес ауданындағы жайлы мектеп жас мамандарға басымдық беріп келеді. Өткен жылы ғана пайдалануға берілген білім ошағы бүгінде өңірдегі шәкірт тәрбиелеу ісіне тың серпін беріп отыр. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына ғана емес, жас ұстаздардың кәсіби шыңдалуына да ерекше жағдай жасалған.