Израиль соққысынан 7 адам мерт болды

15
2026-03-12

Бейрут қаласының орталығындағы жағалау аймағына Израиль тарапынан әуе соққысы жасалды. Ливанның Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соққы салдарынан Рамлет-эль-Байда ауданында 7 адам мерт болып, тағы 21-і жарақат алған. Шабуыл кезінде теңіз жағасында тұрған автокөлік зақымданған. Бұл көлікті  баспанасыз қалған  отбасылар уақытша паналап отырған. Шабуылдың нақты кімге бағытталғаны әзірге айтылмады. Бұл соққы  туристік қонақүйге жасаған шабуыл маңында болды. Израиль әскері ол кезде Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының төрт мүшесі өлтірілгенін мәлімдеген болатын.