РЕФЕРЕНДУМҒА САНАУЛЫ КҮН ҚАЛДЫ

14
2026-03-12

Үш тәуліктен кейін елімізде Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бойынша жалпыхалықтық референдум өтеді. Маңызды саяси науқан алдында Түркістан облысында халықты ақпараттандыру жұмыстары күшейген. Тарихта Тәуке ханның «Жеті жарғысымен» белгілі өңірде бүгінгі Ата заңға қатысты өзгерістерді түсіндіру жұмыстары түрлі форматта жүргізіліп жатыр.