Түркістан
EN

Қазақстанда стелс-омикрон штамы тіркелмеді

203
13.04.2022

Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев стелс-омикрон штамы Қазақстанда тіркелмегенін мәлімдеді. Есесіне елімізде коронавирустың омикрон штамы басым, сондай-ақ дельта мен Ухань штамы анықталып жатқанын айтты. Комитет өкілінің айтуынша, елде стелс-омикрон штамы пайда болса, одан тек вакцинация және ревакцинация арқылы ғана қорғануға болады. Айта кетері, стелс-омикрон қазір COVID-19 инфекциясының ең жұқпалы түрі саналады. Жаңа штамға байланысты Қытайдың Шанхай қаласында белгісіз мерзімге дейін толық локдаун енгізілді – адамдарға үйден шығуға тыйым салынған.