Сенат депутаттары 600-ге жуық кездесу өткізді

14
2026-03-12

Сенат депутаттары соңғы апталарда елдің барлық облысын аралап, 600-ге жуық кездесу өткізді. Палатаның жалпы отырысында комитет өкілдері атқарылған жұмыс нәтижесін баяндап, халықтың жаңа Конституция жобасына қатысты пікірін жеткізді. Мәліметтерге сүйенсек, тіпті шалғай ауыл тұрғындары да реформаға бейжай қарамай, адам құқығы, заң үстемдігі және ұлттық байлықты бөлуге қатысты баптарға ерекше қолдау білдірген. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Президенттің бастамасымен ұсынылған жаңа Ата заң жобасына тоқталды. Ол бұл өзгерістерді елімізді заманауи әрі тиімді басқару моделіне кезең-кезеңімен көшіруге бағытталған тарихи қадам деп атап өтті.