Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірдегі ірі зауыт-фабрикалар мен әлеуметтік нысандарды аралаған ол еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесіп, Ата Заңға енетін өзгерістерді талқылады. Палата Спикері жаңа конституциялық реформалар мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіріп, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Кездесулерде стратегиялық мақсаттарға жету үшін билік пен бұқара арасындағы ашық диалогтың маңызы зор екені айтылды. Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, бұл жаңашылдықтар — жаһандық сын-қатерлерге қарсы тұрудың және елді саяси жаңғыртудың басты тетігі болмақ.