Президент Түркістан облысының әкімін қабылдады

17
2026-03-11

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады. Кездесуде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланды. Әкімнің айтуынша, аймақ экономикасы 114 пайызға өскен. Бюджетке түсетін салық көлемі 1 триллион теңгеге артқан. Өткен жылы өңір экономикасына 1,7 триллион теңге инвестиция тартылып, 58 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 8 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе азайып, жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыздан аспаған. Президент облыс әкіміне инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өндірісті дамыту жұмыстарын жалғастырып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ерекше назар аударуды тапсырды.