Жаңа Конституция жобасы бойынша AI-платформа таныстырылды

7
2026-03-10

 Елімізде Ата Заңның мазмұнын қарапайым тілмен ұғындыратын ерекше цифрлық платформа іске қосылды. Жасанды интеллект негізінде жасалған бұл сервис Конституциядағы өзгерістерді талдап, кез-келген азаматтың сұрағына нақты жауап береді. Платформаның көмегімен мұғалімдер, дәрігерлер мен кәсіпкерлер жаңа түзетулердің өз өмірлеріне қалай әсер ететінін біле алады. AI-көмекші заңның ескі және жаңа нұсқаларын салыстырып, әрбір баптың мән-жайын ашып береді. Бұл бастама әсіресе өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған. Инновациялық сервис Жалпыұлттық коалицияның ресми сайтында орналасқан. Кез келген қолданушы сілтеме арқылы өтіп, өзін мазалаған сауалды жолдай алады. Мамандардың пайымдауынша, мұндай цифрлық құрал мемлекет пен халық арасындағы байланысты нығайта түспек.