Төтенше жағдайлар қызметі автокөлікпен жолда тұрып қалған адамдарды құтқарды. Оқыс оқиға Абай облысы, Ақсуат ауданында болған. Үш ер адам жеңіл автокөлікпен келе жатып, жолдағы көлшікке тығылып, сайдан өздігінен шыға алмай қалған. Оқиға орнына құтқарушылар жедел жетіп, кептеліп қалған көліктен адамдарды эвакуациялап, жақын маңдағы елді мекенге жеткізді.