8 наурыз мерекесінде ер азаматтардан сыйлық күтудің орнына жылда арулардың құшағын гүлге толтыратын келіншек. Сауран ауданында тұратын Ділназ Омарова есік алдындағы жылыжайында жыл он екі ай гүлдің сан түрін өсіріп, көктемде баршаға тарту етеді. Тәтті сезімдердің жаршысы болған алқызыл гүлдердің дестесі мереке қарсаңында мыңдаған нәзік жандының көңілін тасытып, қуаныш құшағына бөлеп жатыр