Жаңа Конституция барлық салада еңбек етіп жүрген әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев сарапшылар клубының кеңейтілген отырысында осылай деді. Жиын барысында әйелдердің мемлекеттік басқаруға қатысу құқықтарын кеңейту мәселелері, сондай-ақ олардың Қазақстанды жаңғыртуға қосып отырған үлесі мен осы бағыттағы өзекті міндеттері талқыланды. Мәулен Әшімбаев елімізде әйелдерді қолдауға бағытталған прогрессивті саясат жүйелі түрде жүзеге асырылып келе жатқанын да атап өтті. Отырыс соңында елімізде әйелдердің рөлін күшейту үшін қазақстандық тәжірибеге енгізуге болатын шетелдік бастамалар талқыланды.