Түркістан
EN

Жер дауы әлі шешілмеген

102
06.03.2026

Өткен жылы Төле би ауданында жерді заң талаптарына сай пайдаланбай отырған 85 нысан анықталған. Олардың ішінде 15 нысан су қорғау белдеуінде заңсыз орналасқан. Оның 67-сі нысаналы мақсатына сай қолданылмаған. Ал 3 нысан бөтен жерді заңсыз иеленіп алған. Аудан әкімінің айтуынша, кейінгі жылдары берілген жер телімдерін рәсімдеу кезінде бірқатар қателіктер кеткен. Бұған қоса, бұрын бөлінген кейбір жерлер уақыт өте келе бірнеше рет иесін ауыстырып, бастапқы мақсатынан тыс пайдаланылған. Қазір аталған заңбұзушылықтарға қатысты іс сотта қаралып жатыр.