Түркістан облысында мектеп оқушыларының саны 554 мыңға жетті. Өсім соңғы үш жылда айқын байқалған. Былтыр өңірде 41 мектеп салу үшін 19 млрд теңге қаржы бөлініп, 26 білім ұясы ашылған. Биыл 15 мектеп ел игілігіне берілмек. Одан бөлек біраз білім нысандары күрделі жөндеуден өтеді. Осы жылы 38 мектепті жаңғырту жоспарлануда. Сондай-ақ мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер де қажетті білім нәрімен жеткілікті деңгейде сусындауда. Дегенмен, білім саласында шешімін күткен мәселе де жоқ емес.