Түркістан
EN

Су тасқыны кезеңіне дайындық қызу

77
06.03.2026

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары  белсенді  жүргізілуде. Облыс әкімінің төрағалығымен өткен аймақтық кеңесте негізгі назар іс-қимылдарды үйлестіруге және су басу қаупін азайту шараларына аударылды. Бүгінгі таңда Қызылжар ауданында 7 гидрологиялық бекет жұмыс істейді, су деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр.  Сондай ақ, кейбір ауылдарда дамбаларды қайта жаңғырту және нығайту жұмыстары жалғасуда. 13 елді мекенде жалпы ұзындығы шамамен 19 шақырым болатын қорғаныс бөгеттері тұрғызылды. Сонымен қатар инфрақұрылымдық жобалар да іске асуда. Қабылданған шаралар  халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және су тасқыны салдарын азайтуға бағытталған.