Түркістан
EN

Шымкенттіктер емханасыз қала ма?

241
08.04.2022

Әкім ойнатқан тендердің арқасында емханасыз қаламыз ба деген шымкенттіктер шу шығарды. Сөздерінше Достық шағын ауданындағы жалғыз емдеу орталығы қаланың басқа аумағына ауыстырылмақ. Бірақ, тұрғындар бұған қарсы. Шымкенттегі Достық шағын ауданына негізінен мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар қоныстанған. Мәселені естіген әкімдік, айғайдан кейін іске кіріскендей. Жауаптылар сөзіне сенсек, Достық шағын ауданындағы жалғыз емхана екі ай өз орнында қалады. Одан кейінгі жағдай тараптар келісімінен кейін белгілі болмақ.