М. Әшімбаев БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісімен кездесті

9
2026-03-05

Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайдың күрт шиеленісуіне байланысты айырықша алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев БҰҰ-ның еліміздегі тұрақты үйлестірушісі Саранго Раднарагчамен кездесуінде мәлімдеді. Палата спикері ресми Астананың кез келген қақтығысты тек халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысы аясында, дипломатиялық жолмен шешуді жақтайтынын атап өтті. Тараптар жаһандық қауіпсіздікті нығайту мен екіжақты серіктестікті дамыту мәселелерін талқылады. Кездесудің тағы бір маңызды тақырыбы – алдағы конституциялық реформа болды. Мәулен Әшімбаев мәртебелі мейманға 15 наурызда өтетін жалпыхалықтық референдумның мән-жайын түсіндірді. Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген жаңа Ата Заң жобасында еліміздің стратегиялық даму басымдықтары ескерілген. Өз кезегінде Саранго Раднарагча еліміздегі демократиялық өзгерістер мен халықаралық бейбітшілікті сақтау жолындағы бастамаларға жоғары баға берді.